Entries RSS
image

СІЛТЕМЕЛЕР

СОҢҒЫ ПІКІРЛЕР


Июл 25

МІНЕ, МЫНА АХУАЛДЫ АШЫҚ АЙТҚАНЫ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕПУТТАР МЕН «ЕЛ БІРЛІГІ» ГАЗЕТІН ДАРЫН ЖАППАРҚҰЛ МЕН ЕРЛАН ДОСЖАН ЖАЛА ЖАУЫП, ҚАРҒАП, БАЛАҒАТТАУДА

«Сендерге мәлімет беріп отырған адамдардын (адам деп айтуға аузың бармайды)беті қалың жүзі қара, халық біліп отыр кім беріп отырғанын мәліметтерді, дереу БАҚ-ға жолдап отырған».

ДАРЫН ЖАППАРҚҰЛ

«Елімізге пиғылың арамы, ұртың харам дұшпансың. Құдай біледі, дұшпандардан қаржы алып, Елді ыдыратуға жұмыс жасап жүрген шығарсын. Бірақ, Түркістандықтар әркімнің жалған сөзіне ере бермейді! Қаламызда көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар жетерлік! Арамы теріңді төкпе-яқ қой! Арамы ниетің өз басыңа көрінсін! Сені жалдаған Ібілісіңе айтып бар Түркістан сендер сияқты Сайқал саясатты ұстанатын газеттің сөзіне ермейді! Түркістаннан ары жүр Ібліс! немесе Түркістанның киесі ұрады!»

ERLAN DOSJAN

«БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ АЛТЫ АЙЫНДА ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ 111,9 ПАЙЫЗҒА ӨCІП ОТЫРҒАН ҚЫЛМЫСҚА  ҚАРСЫ ЕШҚАНДАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЛМАҒАНДЫҒЫ»

ДЕПУТАТТАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ХАТЫНАН

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАРДЫҢ АШУ-ЫЗАСЫН ТУҒЫЗҒАН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЛЕСІ БЕТТЕ:

Толығырақ »

Июл 24

«ТҮРКІСТАН: ҚАУІПТІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ» МАҚАЛАСЫНАН СОҢ ГАЗЕТ ҰЖЫМЫНА АШЫҚ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫСЫМ, НАМЫСҚА ТИЮ, ЖАЛА ЖАБУ, БАЛАҒАТТАУ ФАКТІЛЕРІ

Облыс әкімінің назарына

Облыс прокурорының назарына

ҚР ІІМ ОҚО бойынша ІІД басшысынның назарына

Облыстық ішкі саясат басқармасының назарына

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесі

РАСЫНДА ДА, ТҮРКІСТАНДА ЖАҒДАЙ  ТЫМ АСҚЫНҒАН ЕКЕН. БАР БОЛҒАНЫ ӨМІРДЕ ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН КЕМШІЛІКТЕРДІ КӨРСЕТКЕНІМІЗ ҮШІН ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАН ТӨЗБЕС БАЛАҒАТ СӨЗДЕР АЙТЫЛЫП, ЖАЛА ЖАБЫЛДЫ.   БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНА МҰНША ҚАНІШЕРЛКПЕН, ҚҰРМЕТСІЗДІКПЕН ҚАРАҒАН АУДАНДЫ КӨРМЕППІЗ.  Толығырақ »

Июл 22

ТҮРКІСТАН: ҚАУІПТІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

           КРИМИНАЛБҮГІН ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ҚАБЫЛДАМАЙ ТАСТАДЫ. БҰЛ ТОСЫН ЖАҒДАЙ. БҰЛ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. БҰЛ ОЙЛАНЫП,  ҚАЛА ӨМІРІНЕ ТЕРЕҢ АНАЛИЗ ЖАСАП,  ОСЫНДАЙ САЯСИ ПАТ – АХУАЛҒА ЖЕТКІЗГЕН  КЕМШІЛІКТЕРДІ ТАУЫП, ҚАЙТА БОЛДЫРМАСТАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАУ.  БҰЛ ТЕК ТҮРКІСТАН ЕМЕС, БҮКІЛ Толығырақ »

Июл 29

Ұласбек Сәдібеков: «Мәңгілік Ел» идеясы: халық пен мемлекет таңдаған жол

 садибековҚасиетті Түркістанды біз не үшін рухани астанамыз деп атаймыз? «Әке, ана» дейтін ұғымдардың ұлылығына біз күнделікті тіршілікте жете мән бере бермейтініміз сияқты Хазірет Қожа Ахмет Ясауи бабамызға мәңгі мекен болған Түркістанғақазақи рухымыздың қара шаңырағы ретінде сана биігінен көз салып, тарихи тамырымыз тұрғысынан пайымдаулар жасаудың маңызын қаперге ала бермейміз. «Арыстанбабқа түне, Ясауиден тіле» деген бабалар өсиетін өз отбасымыз, Толығырақ »

Июл 28

ОҚО-да шағын су электр стансасы іске қосылды

1Келес өзенінің бойындағы алғашқы су электр стансасы 2001 жылы іске қосылған еді. Ол сағатына 1,3 Мегават электр қуатын өндіріп тұр. 20 жылға жуық осы салада еңбек етіп жүрген Жақыпбек Рысжанов тағы бір стансаның ашылғанына ерекше қуанышты. Жақыпбек Рысжанов, Мекеме директоры: -Су Келес өзенінен бастап келіп, Ошақты каналы арқылы трубамен түсіп келіп, айналып, валды айналдырып, төбедегі генераторды айналдырады. Содан соң тоқ пайда болып, ол ар жақтағы автоматика трансформатор арқылы халыққа таратамыз. Толығырақ »

Июл 28

Бәйдібек ауданына инвестиция тарту қажет

22Күні кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов Бәйдібек ауданында жұмыс сапарымен болып, бірқатар ауылшаруашылық, әлеуметтік және құрылыс нысандарын аралап, олардың жұмысымен танысты. Алдымен Боралдай ауылдық округі Жыланды елді мекеніндегі «Шаян» индустриялды аймағына бөлінген 18 гектар аумақпен танысудан бастады. Жалпы құны 527 млн. теңгеден астам. Мұнда травертин тасын өңдейтін 5 зауыт бой көтермек. Толығырақ »

Июл 28

Басты мәселе – жерді тиімді пайдалану

3Облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов жұмыс сапарымен Төле би ауданында болды. Алдымен Көксәйек ауылындағы орта мектептің және осы елді мекенге ауыз су және газ құбырларының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмыстарымен танысты. Нысан басында жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, Қазақстан елді мекеніндегі мал бордақылаумен айналысатын «Абылай» шаруа қожалығында болып, қожалықтың алдағы жоспарымен бөлісіп, мемлекет тарапынан тиісті қолдау болатынын жеткізді. Толығырақ »

Июл 28

Оңтүстіктегі АЭА түркиямен бірлескен ірі инвестициялық жобалар жүзеге асады

4Ағымдағы жылдың 13-19 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен облыстың ірі кәсіпкерлерінен құралған делегацияның Түркия еліне бизнестік іс-сапары аясында өнеркәсібі мен өндірісі дамыған Ыстамбұл, Измир, Денизли қалаларында «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері атты» бизнес форумдар өткен болатын. Сапар барысында ұйымдастырылған екіжақты кездесулер нәтижесінде жалпы сомасы 511 млн. Толығырақ »

Июл 28

Ордабасыда жастар арасында спорт турнирі өтті

121211Облыстық «Жастар орталығының» қолдауымен, аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жаңа серпін» тақырыбында аудандық спорт турнирі өтті. Турнирдің негізгі мақсаты — жастардың спортқа деген ынтасын арттыру, спорт сүйер азаматтарды қолдау, жастардың жазғы бос уақытын тиімді пайдалануға баулу.

Турнирді «Қазақстан — 2030» жас патриоттар одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жаңабаев Асылжан және аудандық спорт мектебінен Бейсен Айнабек ашып, жастарға сәттілік тіледі. Толығырақ »

Июл 28

Тәуелсіздік саябағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды

7Қазақстан Респуликасының Сәулетшілер одағы Шымкенттегі тарихи-монументалдық саябақ кешенінің бой көтеруіне үлес қосқан авторлық ұжымды Мемлекеттік сыйлыққа ұсынды.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында салынған Тәуелсіздік саябағы қала тұрғындарының мақтанышы. Шымкенттіктер мен қала қонақтарының  сүйікті демалыс орындарының біріне айналған саябақты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 13 қазанда  салтанатты жағдайда ашқан едi. Толығырақ »

Июл 25

Крушение Боинга-777 «Малайзийских авиалиний» внесло больше неопределенности в отношения России с Западом — взгляд из Пекина

Тайна крушения малайзийского самолета еще не разгадана, но взаимные укоры России и ряда западных государств в связи с падением самолета набирают силу. И без того прохладные отношения России с Западом становятся еще более неопределенными. Толығырақ »

Июл 25

ЭТОТ МАТЕРИАЛ — ПРЯМОЕ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ КАЗАХАМ, ПОСКОЛЬКУ СИТУАЦИЯ В ВЫСШЕМ РУКОВОДСТВЕ КАЗАХСТАНА ЕЩЕ ХУЖЕ...

Освобождение Донбасса и кадровая политика: «зачистка» пятой колонны
и ставка на патриотов Толығырақ »
Июл 22

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында

Ұласбек Сәдібеков

Ұласбек Сәдібеков

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері         Ш.Мырзахметов, Ұ.Сәдібеков, Н.Әшім Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында болды.

            Депутаттар Қазығұрт ауданындағы сапарларын Тұрбат ауыл округіне қарасты «Сайдахмат Ата» шаруа қожалығының жұмысымен, ұжымымен танысудан бастады. Толығырақ »

Июл 19

СОВЕЩАНИЕ В АСТАНЕ:

Прошло совещание с участием Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан Нурлана Нигматулина по итогам семинара для руководителей аппаратов акимов областей, городов Астана и Алматы.
На совещании были подведены итоги двухдневного семинара-совещания с участием руководителей аппаратов акимов Толығырақ »

Июл 13

Российский эксперт: Украина в Европе выиграет много больше, чем потеряет в России

1E4BF1E_1Потеряв семь месяцев, сотни своих граждан и 27 000 квадратных километров территории, Украина – несмотря на активное противодействие России — все же подписала в полном объеме Соглашение об ассоциации с Европейским Союзом, сделав один из важнейших шагов в своей не только 23-летней, но и многовековой истории. Толығырақ »

Июл 11

Мақтаарал аудандық мәслихатының сессиясынан

депутат Оразгүл ШЫЛМҰРЗАЕВА:

"Мен шындықты айтып отырмын,

қорықсаңыздар,

депутат болмаңыздар..."

Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы белгiленген уақыттан 18 минуттай кешiгiп басталды. Сессия – бұл үлгi-өнеге, қызметтiк этиканың сақталуы, шешендердiң сөйлеу мәдениетi барынша көрiнiп тұратын саяси маңызы жоғары жиын. Өкiнiшке орай, осындай басқосу кезiнде көпшiлiктi залға отырғызып қойып, ауыл тойы секiлдi кешiктiрiп бастау үрдiске айналып кетпесе болғаны. Өйткенi, мұндай оқиғаның бұрын да куәсi болғанбыз. Толығырақ »

Июл 10

Шымкентте шыны бұйымдары шығарылады

 222Бүгін Шымкент қаласында «Евро Кристалл» ЖШС-ның шыны бұйымдарын шығаратын зауыты іске қосылды. Құны 2,3 млрд. теңге құрайтын жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асып отыр. Кәсіпорын жылына 70 млн. дана шыны ыдыстар шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда 150 адам жұмыспен қамтылды. Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Қазақстанда шыны шығаратын екі кәсіпорын болса, соның жаңа технологиямен жабдықталған бірегейі осы зауыт болып табылады. Толығырақ »

Июл 10

«Қыран» командасы бірінші лигада Шымкенттің намысын қорғауда

4Шымкентте өткен бірінші лига командаларының арасындағы 14 тур ойындарында облысымыздың намысын қорғайтын «Қыран» командасы Петропавлдың «Қызылжар» командасын 3-1 есебімен тізе бүктірді. Жасыл алаңға жігерленіп шыққан жерлестеріміз бірінші кезеңнен бастап-ақ басымдыққа ие болды. «Қыран» командасының сұрмергені атанған Санат Жұмаханов бірінші таймның 45 минутында Владимир Никлевич қорғаған қақпаның кілтін тапты. Есеп 1-0. Кездесудің 56 минутында шабуылшы Ғалымжан Ермұрзаев екінші голдың авторы атанды. Есеп 2-0. Бұл матчта өздерінің жаңа қырларын көрсеткен Асхат Мыңбаев пен Мұрат Онал, қақпашы Мақсат Сейдахмет, Ельмар Набиев жанкүйерлердің ыстық ықластарына бөленді. Толығырақ »

Июл 10

Көне Күлтөбе мұражай қалашыққа айналмақ

3Оңтүстік Қазақстан облысында табылған ең көне қала — Күлтөбені туристер қызыға тамашалайтын орынға айналдыру жұмыстары басталды деп, хабарлайды «Астана» телеарнасы. Біздің дәуіріміздің І-ші және ІІ-ші ғасырларына тиесілі қалашық Түркістан қаласынан осыдан үш жыл бұрын табылған. Жергілікті билік Күлтөбені мұражай қалашыққа айналдырмақ. Сол кезде келушілер ағаш баспалдақтар арқылы төменге түсіп, көне қалаға сапар шегеді. Толығырақ »

Июл 10

Мәжіліс депутаттары оңтүстікте сайлаушылармен жүздесті

2ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Талғат Ерғалиев пен Тұрсынбек Өмірзақов сайлаушылармен жүздесу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында болды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды. Депутаттар Шардарада аудан экономикасының, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайларымен танысып, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті өркендету мүмкіндіктері туралы сұхбаттасты. Сапар аясында аудандағы ірі су қоймасының мәселелері де көтерілді. Толығырақ »

Беті 12345...1020...Соңғы