Нурсултан  Назарбаев - играюче  добивается миром многого,  чего  иные лидеры не могут добиться войной.. 

Өзбекстанда қолма-қол ақша тапшы

Жұма, 22 Мамыр 2015 09:47
крымсобакишаблоны joomla новостные

    Өзбекстан Орталық банкі елдің қолма-қол ақша тапшылығынан зардап шегіп жатқанын ашық мойындады.

Банк төрағасының орынбасары Улугбек Мустафаевтың осы жөнінде премьер-министр Шавкат Мирзияевқа 10 сәуірде жазған хаты Азаттық радиосы Өзбек қызметінің қолына түсті. Хатқа «ресми түрде қолдану үшін» деген белгі соғылған.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚАРЫЗЫ АРТЫП БАРАДЫ

Мустафаев жазған хаттағы деректерге сенсек,  1,5 триллион сум  (602 миллион АҚШ доллары) дефициттің кесірінен Өзбекстанның банктері мемлекеттің басқаруындағы компаниялардың және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр.

Мұнымен қоса,  1 сәуірдегі мәлімет бойынша мемлекет  зейнеткерлерге  58 миллиард сум зейнетақы, «арнайы контингент» өкілдеріне  54 миллиард сум жалақы берешек болып қалған. «Арнайы контингент» дегені – Өзбекстанның ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің және басқа да маңызды мемлекеттік органдарының қызметкерлері.

Ақша тапшылығы кесірінен банктер «арнайы контингент» өкілдеріне жалақы төлеу үшін «сақтандыру қорларынан»  470 миллиард сум қарыз алуға мәжбүр болған (сәуірдің  2-сіндегі мәлімет).

«Сақтандыру қорының» қандай қор екені нақты айтылмаған. 2000 жылдардың басында Өзбекстан үкіметі қаржылық мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік әл-ауқат қорын құрған болатын. Бюджетте жетіспейтін қаражат осы қордан алынған болуы мүмкін.

«ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БИЫЛ ДА АҚША АЛУҒА МӘЖБҮРМІЗ»

«Егер 2015 жыл бойы қолма-қол ақша тапшылығы  жалғаса беретін болса, онда біз жыл соңына дейін арнайы контингент пен мақта терушілерге жалақы төлеу мақсатында тағы 3  триллион сум қаржы алуға мәжбүр боламыз» делінген банк өкілінің хатында.

Улугбек Мустафаев мұндай дефициттің қалыптасуына банкте қаржы ұстауға құлықсыздық танытып отырған саудагерлер, жеке компаниялар және кәсіпкерлер кінәлі дейді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер биылғы қаңтар-наурызда банктегі депозиттерде күткендегіден 3,2 триллион сумға аз қаражат сақтаған.

Өзбекстан Орталық банкі төрағасы орынбасарының айтуынша, қолма-қол қаржы тапшылығына шетелдік тұрақты валюта транзакцияларына қатысты 2013 жылы қабылданған заң да ықпал еткен. Сол заң қабылданғалы бері GM Uzbekistan компаниясы шығарған көліктерін шетел валютасына сата бастаған, әуе билеттері де өзбек сумымен емес, еркін саудаланатын шетел ақшасымен сатылатын болған.

Оның үстіне, Өзбекстан азаматтарының коммуналдық қызмет ақысын төлеуге асықпауы да жағдайды ушықтыра түскен.  1 сәуірдегі мәлімет бойынша,  коммуналдық төлемдер қарызы 6,1 триллион сумға жеткен.

Бұл мәселені шешу үшін Улугбек Мустафаев банкоматтар санын арттырып, Интернет-банкингті дамытуды, «арнайы контингент» өкілдеріне берілетін жалақының бір бөлігін қолма-қол ақшамен емес, электронды түрде төлеуді, көлік және басқа да тұрмыстық заттарға несиені көптеп беруді ұсынады.

(Азаттық радиосы Өзбек қызметінің материалы негізінде әзірленген мақаланы аударған - Мұхтар Екей.)

Материалға баға беріңіз
(1 Дауыс беру)
Оқылды: 45736 рет
фонари светодиодныеавтомобильные шины

          

Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]