Previous
Next
Қазақстан Республикасы
Жасай берсын қазағым,Өркендеп,өсе бер Қазақстан!
  • 1
  • 2

Әлем жаңалықтары

Previous Next
  • 1
  • 2

Саясат

Previous Next
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Қобдада «Сыбаға» бағдарламасы 207,9 пайызға орындалды

шаблоны joomla новостныефонари светодиодныеавтомобильные шины

 

Жыл қорытындысын шығаруға және алдағы бағыттарды айқындауға арналған Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің есебінде көптеген мәселелер қамтылды.

Әсіресе, Елбасы ерекше назар аударып отырған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының орындалуы, осы бағытта жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіп жасауға ұмтылған тұрғындарға көмек беру жайы таратылып айтылды. 

 

Жиынға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап көрсеткендей, бүгінгі күні кәсіп жасаймын, ісімді ілгері бастырамын дегендерге мүмкіндік мол.

Қобда өңірінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында біршама ілгерілеулер байқалады. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы   өнім   көлемі  13 миллиард 937 миллион теңгеге жетті, бұл алдындағы жылдан 6,4% жоғары.

Шаруашылық құрылымдар есепті жылы салаға барлығы 484,6 миллион теңге  инвестиция тартты, бұл да алдындағы кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе артық. Жыл ішінде барлығы 43 ауылшаруашылық техникасы жаңартылды.

Мал басын көбейту мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті ауылшаруашылық құрылымдары белсенді қатысуда. Соның айқын мысалы ретінде аудан әкімі мынадай деректерді ұсынды: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 143 миллион теңгеге   811 ірі қара сатып алынып, бұл бағыттағы жоспар 207,9%-ға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 16,8 миллион теңгеге 698 қой  алынды. Мұнда да біраз өсім бар. «Құлан» бағдарламасымен жоспарға сәйкес бойынша 110 жылқы  алынды.

Ауданда қазіргі уақытта 4  асылтұқымды мал шаруашылығы  жұмыс жасайды.

Дәстүрлі емес ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлер түйеқұс, ешкі, бөдене, қоян бағуды қолға алды.

Былтыр ауылшаруашылық құрылымдары 17263 гектарға егіс салды, одан барлығы 9 480 тонна астық жиналды, гектарына орташа түсім  12,0 центнерді құрады. 2306 тонна көкөніс, 920 тонна бақша өнімдері және 2740 тонна картоп  жиналды.

Ауданда суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 2443 гектер жер игерілді. Сонымен қатар, 12 789 га көлтабанды суармалы жерлерді  қалпына келтіру  үшін жобалық-сметалық құжаттар  дайындалуда.

Биыл 19 550 гектар жерге егіс салу жоспарланды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2287 гектар артық. Елді мекендерде  20  гектар жерге алма ағаштары отырғызылады.

Уақыт талабына сай шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні осы бағыттағы 1064 кәсіпкерлік субъектісінде 5450 адам жұмыс жасайды. Барлық қаржыландыру көздерінен кәсіпкерлерге жыл ішінде  509,2 миллион теңге несие берілді.

Жұмыспен қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізудің отбасылық нысандарына қолдау көрсету мақсатында 79 азамат жалпы сомасы 182,3 миллион  теңге несие алды. Оның ішінде 166,7 миллион теңге мал шаруашылығын дамытуға,  2,9  миллион теңге  егіншілікке,  4 миллион теңге асхана, 600 мың теңге шаштараз, 2,5 миллион теңге монша ашуға бағытталды. Осы ауқымда барлығы 86 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жұмыс жасағанына бір жылдай уақыт болған «ТуреевЕБ» жеке кәсіпкерлігі отбасылық мал бордақылауды қолға алған. «Жұмыспен қамту жол  картасы — 2020» бағларламасымен кәсіпкер Ербол Туреев  6 миллион теңге несие алып, 21 ірі қара сатып алды.

«Кең дала» несие желісі бойынша  5 миллион теңгеге  2 жоба, «Ауыл кәсіпкерлігі» бойынша 105 миллион теңгеге 20 жоба  несиелендірілді.

Аудан әкімі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі — азық-түлік өнімдерінің бағасына да тоқталып өтті. Ауданда тұрақтандыру қоры құрылып, арнаулы қоймада 30 тонна сәбіз, 50 тонна картоп, 20 тонна ұн, 5 тонна күріш, 4 тонна қант, 3 тонна тұз, 2 тонна өсімдік майы  және 2 тонна  макарон өнімдері  сақталуда.

Биылғы жылы Қобда өңірінде бірқатар жұмыстар атқарылмақшы. Аудан әкімі саралаған сол жобалар ішінде аудан орталығында салынатын құны 760 миллион теңге тұратын 320 орындық орта мектеп құрылысы бар.

Тұрғындар арасында спортты дамыту және насихаттау мақсатында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынбақшы.

Егіндібұлақ ауылында облыстық білім басқармасымен бірігіп 100 балаға арналған өңірлік оқу-сауықтыру кешені бой көтермекші.

Қобда селосында биыл 3 екі қабатты тұрғын үй, келесі жылы 4 үй салынып, 2020 жылға дейін көпқабатты үйлерден тұратын шағын аудан бой көтереді деп көзделуде.

— Биыл бірінші рет жаңадан қабылданған ауылшаруашылық мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істей бастады. Ол бағдарламаға мемлекет бойынша кем дегенде 300 миллиард теңге ақша бөлінеді. Бұл — үлкен қолдау.

Қобда ауданы өзіндік әлеуеті жағынан ерекше өңірде орналасқан. Облыс орталығына жақын, сондай-ақ жері құнарлы, суы жеткілікті, халқы еңбекқор, үлкен күре жол Қобданың үстінен өтіп жатыр. Шекаралас Ресей мемлекеті бар. Осындай мүмкіндіктердің бәрін тиімді пайдалану керек.

Біздің бүгінгі басты бағыттарымыздың бірі — ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне алу күн тәртібіне қойылды. Жердің құнарлылығы сақталғанда ғана ол пайда әкеледі. Кешегі бір тұста Қобда ауданында 200 мың гектарға жуық егістік болған. Биыл 28 мың гектар егіс салынбақшы.

Суармалы жерлерді пайдалану тиімді. 2020 жылға дейін облыс көлемінде кем дегенде 40 мың гектар суармалы алқап болуы тиіс.

Қобдалықтар үшін үлкен жолдың бойында сервистік қызметті дамыту да пайдалы болар еді. Туризмді өрістетудің мүмкіндігі бар. Шетелдіктер тарихи мекендерді көруге құштар. Бұл тұрғыдан Қобыланды батыр, Абат-Байтақ кесенесі көпшілікті қызықтырар еді. Осы ауқымда жастарымызға патриоттық тәрбиені өрістету мүмкіндіктері бар екенін ескергеніміз дұрыс, — деп облыс басшысы жиналған жұртшылықпен ой бөлісті.

Есепті жиында көпшілік өздерін толғандырған бірқатар мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Кезінде ауданның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Сағынай Құсайынов қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында тұрады. Ол жыл сайын өзі түлеп ұшқан Жарық өңіріндегі жерлестеріне материалдық қолдау көрсетіп тұрады, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын қамқорлыққа алған. Зейнеткер ақсақал есепті жиынға арнайы келіп, облыс басшысының суармалы жерлерді тиімді пайдалану жөніндегі ұсынысын қолдайтындығын білдірді.

Кәсіпкер Марат Шәріпов асылтұқымды ірі қара өсіруде біраз жетістіктерге қол жеткізді. Ендігі ойы — аудан шаруашылықтарын асылтұқымды малмен қамтамасыз ету. Осы шаруаны атқару үшін мол мөлшерде несие алғысы келеді. Бердібек Машбекұлы: «Марат сияқты ілгері ұмтылған азаматтарды қолдаймыз, көмек көрсетеміз» — деп кәсіпкердің көңілін демдеп қойды.

Өтек ауылының тұрғыны Өмірзақ Байтілеуов ауылға кіреберістегі көпірді жөндеуге көмектесуді сұрады. Аудан әкімінің айтуынша, бұл мәселе «Туған жерге тағзым» акциясы аясында шешілмекші.

Қобда селосының тұрғыны Динара Сафиева жаңадан салынатын тұрғын үйлерді көбейтуге облыс әкімінің ықпал етуін сұрады. Ал зейнеткер Алпамыс Есмағамбетов Қобданың шағын ауданына автобус маршрутын ашуға көмек көрсеткені үшін аудан әкіміне алғыс сезімін білдірді.

 

 

 

крымсобаки
Default Theme
Layout Direction
Body
Background Color [r]
Text color [r]
Top
Top Background Image
Background Color [r]
Text color [r]
Bottom
Bottom Background Image
Background Color [r]
Text color [r]